Ереван ҰҚШҰ-ның Армениядан «кетіп жатқанына» алаңдаулы

Жарияланды
ҰҚШҰ Армениядан кете ме? Фото: kursiv.media

Армения үкіметінің басшысы Никол Пашинян ҰҚШҰ-ның «Армениядан кетіп жатқанына» алаңдаушылық білдірген. Бұл туралы Интерфакс агенттігі хабарлайды.

«ҰҚШҰ Бас хатшысы 2022 жылы Арменияға келгенде, маған Армения Ұйымнан шығып кетеді деп алаңдап отырғанын жеткізді. Мен алаңдауға негіз жоқ екенін айттым, бірақ біз ҰҚШҰ-ның өзі Армениядан шығып кете ме деп алаңдап отырмыз. Менің бағамдауымша, ҰҚШҰ өзі қаласын-қаламасын, Армениядан кетіп жатыр, бұл жайт бізді алаңдатады», – деді Пашинян сейсенбі күнгі баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша, «Арменияның қауіпсіздігі нығая түсетін болса, Армения ҰҚШҰ бас хатшысы орынбасары қызметін қуана атқармақ. Олай болмаса, халықтың қате түсінуіне жол береміз».

10 наурыз күні Армения ҰҚШҚ бас хатшысы орынбасары қызметінен бас тартты.

Армения Сыртқы істер министрлігінің баспасөз хатшысы Ваган Унанян агенттіктің «Ереван ұйым бас хатшысының орынбасары квотасынан бас тартты ма» деген сұрағына жауап бере отырып: «Иә, біз ҰҚШҰ-ға тиісті ұсыныс жібердік», деген.

10 қаңтарда премьер-министр Николь Пашинян Армения 2023 жылы осы елде ҰҚШҰ жаттығуларын өткізуін орынсыз деп санайтынын мәлімдеген еді.

2022 жылғы 23 қарашада Ереванда Пашинян ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің декларациясы жобасына және Арменияға көмек көрсету бойынша бірлескен шаралар туралы жобаға қол қоюдан бас тартты.

Сондай-ақ оқыңыз