
2023 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 2130,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 19,1% көбейді. Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы хабарлады.
2023 жылғы қаңтарда тауарлар экспорты 932,7 млн. АҚШ доллары (52,9% жоғары), импорт – 1197,7 млн. АҚШ доллары (1,7% жоғары) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 92,4%, бұдан әрі Қырғызстанға – 4,2%, Беларуске – 3,3%, Арменияға 0,1% келеді.
2023 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен өзара сауда 2130,4 млн. АҚШ долларын құрап, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда номиналды мәнде 19,1% көбейді*.
2023 жылғы қаңтарда тауарлар экспорты 932,7 млн. АҚШ доллары (52,9% жоғары), импорт – 1197,7 млн. АҚШ доллары (1,7% жоғары) деңгейінде қалыптасты.
Қазақстан Республикасының ЕАЭО елдерімен сыртқы сауда айналымының жалпы көлемінде Ресей Федерациясына 92,4%, бұдан әрі Қырғызстанға – 4,2%, Беларуске – 3,3%, Арменияға 0,1% келеді.

ЕАЭО елдерімен экспорт бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда химиялық элементтер бойынша 9,6 есе өсім байқалады. Бұл ретте күйдірілген пиритті қоса алғанда, темір кендері мен концентраттары бойынша төмендеу бар (81,3% аз).
Импортта ең үлкен өсім қара металдан жасалған құбырлар мен басқа түтіктер (мысалы, дәнекерленген, тойтарылған) бойынша өсім – 3 есе. Бұл ретте төмендеу жеңіл автомобильдер және өзге де моторлы көлік құралдары бойынша (99,9% аз).