
Елімізде бензин бағасы қымбаттамайды. Бұл туралы Энергетика министрі Болат Ақшолақов айтты.
«Бензин мен дизель отының қорын егіс маусымына дейін қалыптастырдық. Сондай-ақ импорттау қажет болатын көлем қосымша анықталды. Биыл бұл көлем Ресеймен екіжақты қарым-қатынас аясында шамамен 850 мың тонна деп бекітілді», – деді Болат Ақшолақов Үкімет отырысынан кейін.
Сондай-ақ министр бензин бағасының қымбаттауы жоспарланып отырмағанын айтты.