Жаңалықтар

Құтқарушыларға қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленеді

Фото: Аскар Ахметуллин

Қазақстандық құтқарушыларға жұмыстағы қауіп-қатер үшін қосымша ақы төленетін болады. Үкіметтің арнайы қаулысы жарияланды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметінен хабарлады.

Ақпаратқа сәйкес, қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады.

Үкімет қабылдаған құжатқа сәйкес, жұмыс барысында денсаулыққа және өмірге зиян келуі қаупімен байланысты жұмыс үшін қазақстандық құтқарушыларға қосымша ақы төленетін болады.

«Қосымша ақының мөлшері лауазымдық жалақының 70%-ын құрайды. Ол жедел-құтқару жасақтары, Республикалық жедел-құтқару жасағы, Апаттар медицинасы орталығы қызметкерлеріне және «Қазселденқорғау» ММ-нің құтқару функциялары бар негізгі қызметкерлеріне төленеді» делінген ақпаратта.

Төтенше жағдайлар министрлігінің деректері бойынша барлығы 2 мыңнан астам құтқарушы қосымша ақы алмақ.