Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 16 наурызда Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанның шақыруымен Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Іс-шара барысында Ұйымның апат пен төтенше жағдайлар менеджменті және гуманитарлық көмек саласындағы қызметінің басым бағыттары, соның ішінде табиғи апаттарға қарсы күрес жөніндегі ынтымақтастықты үйлестіруге және нығайтуға қатысты мәселелер қарастырылады» делінген хабарламада.
Сонымен қатар, Түркияға сапары Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таип Ердоғанмен кездесу өткізеді деп жоспарланып отыр.