АҚШ-та инфляция өсімі баяулады

Жарияланды

АҚШ-та инфляция өсімі баяулады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.

Ақпан айында оның көрсеткіші 6 пайызға дейін төмендеді. Бұл қаңтарға қарағанда 0,4 процентке аз. Алайда, тұтынушылық баға керісінше көтерілген.

Мәселен, азық-түлік құны 9,5%-ға қымбаттады. Бұл Trading Economics пен MarketWacth-тің келтірген деректері. Бірақ, жанармайдың бағасы 2 %-ке  арзандапты. Федералды резервтік жүйе елдегі тұтыну көрсеткішін қадағалап отыр.

Сонымен қатар, инфляцияның  төмендеуі АҚШ-тың қор индекстерінің бағасының өсуіне алып келді.

Silicon Valley Bank мен Signature Bank-тің жабылуы инвесторлар арасында дүрбелең туғызып отырғаны рас.

Сондай-ақ оқыңыз