АҚШ-та инфляция өсімі баяулады. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Ақпан айында оның көрсеткіші 6 пайызға дейін төмендеді. Бұл қаңтарға қарағанда 0,4 процентке аз. Алайда, тұтынушылық баға керісінше көтерілген.
Мәселен, азық-түлік құны 9,5%-ға қымбаттады. Бұл Trading Economics пен MarketWacth-тің келтірген деректері. Бірақ, жанармайдың бағасы 2 %-ке арзандапты. Федералды резервтік жүйе елдегі тұтыну көрсеткішін қадағалап отыр.
Сонымен қатар, инфляцияның төмендеуі АҚШ-тың қор индекстерінің бағасының өсуіне алып келді.
Silicon Valley Bank мен Signature Bank-тің жабылуы инвесторлар арасында дүрбелең туғызып отырғаны рас.