Жаңалықтар

Былтыр төлем ұйымдарының сервисі арқылы жасалған операция көлемі 6 трлн теңгені құрады

2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша, Қазақстан аумағында 105 төлем ұйымы тіркелді (өткен жылмен салыстырғанда 11,4%-ға көп). Бұл туралы ҚР Ұлттық Банк баспасөз қызметі хабарлады.

2022 жылы Ұлттық Банк жүргізілген тексерулер мен өткізілген талдаудың нәтижесінде, сондай-ақ, төлем ұйымдарының өздері ұсынған өтінішхаттардың негізінде 16 төлем ұйымын тізілімнен алып тастады.

Соңғы жылдары төлем ұйымдары жүргізген операция көлемі тұрақты өсу динамикасын көрсетіп отыр. 2022 жылы төлем ұйымдарының сервисі арқылы жүрген ақша айналымы 6 трлн теңгені құрады немесе 2021 жылмен салыстырғанда 73,3%-ға көп болды. 2022 жылы жасалған транзакциялар саны 597,3 млн-ға жетіп, 12,0%-ға өсті.