Елімізде 11 адамнан тұратын қылмыстық топтың жолы кесілді
Ішкі Істер министрлігі «Kyzdar.Net» сайтының топ-менеджерлері мен олардың көмекшілерін ұстады. Бұл туралы Polisia.kz. сайты хабарлады.
Олар «Kyzdar.Net» интернет-сайты арқылы жезөкшелікпен айналысатын адамдардың жарнамасын жасап, онлайн жеңгетайлықпен айналысқан және күн сайын 2 млн теңгеге дейін пайда түсіріп отырған.
Қылмыстық топқа қатысушылардың жалпы ақша айналымы 8 млрд теңгені құрайды (орташа алғанда жылына 2 млрд теңгеден асады). Сайтқа жыныстық сипаттағы 6 мыңға жуық хабарландыру салынған. Сауалнамалар бойынша қабылданған шаралардың нәтижесінде 150 адам анықталып, олардан жауап алынды, олар сайттың топ-менеджерлеріне жүйелі түрде ақша аударып отырғандарын растады.
Сараптама негізінде сайттағы материалдар порнографиялық сипаттағы туындыға жататыны анықталды, сондай-ақ ақылы жыныстық қызметтерді іздеп, пайдалануға арналған.
Астана, Алматы, Павлодар қалаларында жүргізілген тінту шараларының нәтижесі бойынша 23 млн теңгеден астам ақша, оның ішінде криптовалюта, автомашиналар, компьютерлер, ұялы телефондар және басқа да цифрлық тасымалдағыштар тәркіленіп алынды. Сот компьютерлік-техникалық сараптама тағайындалды.