«Бәйтерекке» бағынышты ұйымдар жекелеген жобаларға басымдық беріп отырған

Жарияланды
Даму банкі
ҚДБ кейбір жобаларды 100 пайыз несие берген. Фото: kursiv.media

«Қазақстанның Даму Банкі» АҚ жекелеген жобаларға басымдық беріп, кейбіріне 100 пайыз несие беріп отырған. Ал «KazakhExport» АҚ мемлекеттік қолдау көрсеткенде бәріне теңдей жағдай жасамаған. Бұны Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі мониторинг барысында анықтаған. Екеуі де «Бәйтерек» Холдингіне бағынышты ұйым.

Бұл мониторинг холдинг қызметінің мемлекеттік қолдау шараларына тең мүмкіндікті қамтамасыз ету тұрғысынан жүргізілген.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ ірі инфрақұрылымдық жобаларға жеңілдікпен кредит береді. Банктың ішкі құжаттаманы зерделеу барысында ҚДБ-ның қаржы құралдарына бұрын қол жеткізген қарыз алушылар үшін негізсіз артықшылық беретін ережелер анықталды. Атап айтқанда, қарыз алушылардың осы санаты үшін банктік сараптама рәсімдерінен өтпей-ақ, қосымша қаржыландыру алуға жол берілген.

«Сонымен қатар, Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың 2015-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде қаржыландырудың бекітілген, теңдестірілген схемаларының болуына қарамастан (50% бюджеттік қарыз, 50% өзге де көздер) Банктің жекелеген жобалары бюджет қаражаты есебінен толық кредиттелген, ал басқалары тең емес пропорцияда не 100%-ға басқа көздерден тартылған. Бұл әрекеттер қарыз алушылардың соңғы пайыздық мөлшерлемеге әсер етіп, соңғы алушылар үшін қолдау шараларына қол жеткізудің теңсіз шарттарына алып келген», делінген хабарламада.

Сонымен қатар, Банк қызметіндегі қолдау шараларын алуға өтінімдерді басымдықпен, жедел қарастыруы фаворитизм көріністерін айшықтайды. Мысалы, жекелеген жобалар келіп түскен сәттен бастап бекітілген 70 күнтізбелік күннің орнына келісімдер 2-3 тәулік ішінде берілген, ал басқа жобалардың пысықтау мерзімі бұзылып, 300 күннен асып кетіп отырған.

Ал «KazakhExport» АҚ қызметін талдау барысында мемлекеттік қолдау шараларын алушыларға қарсы міндеттемелерді белгілеу кезінде барлығына бірдей тең емес жағдайлар жасау белгілері анықталды.

«Жоғарыда аталған фактілер бойынша мемлекеттік қолдау шаралары рәсімінде операторлар атына ҚР заңнамасын бұзу белгілерінің бар екендігі туралы хабарламалар жіберілген Бұдан бөлек, болашақта осындай фактілерге жол бермеу мақсатында «Бәйтерек» холдингінің атына бұзушылықтар белгілерін және оларға ықпал ететін мән-жайларды жою туралы нұсқама енгізілді», дейді агенттік.

Сондай-ақ оқыңыз