ОПЕК құрамына кірмейтін елдерде мұнай өндірісі артады

Жарияланды
ОПЕК құрамына кірмейтін елдер мұнайды көбірек өндіреді. Фото: kursiv.media

Мұнай экспорттаушы елдер ұйымы (ОПЕК) картельге кірмейтін елдердегі (ОПЕК+) 2023 жылғы мұнай өндірісінің өсіміне қатысты болжамын өзгертті.

ОПЕК мәліметі бойынша, бұл елдерде сұйық көмірсутек өндірісі тәулігіне 1,4 миллион баррельге артып, орта есеппен тәулігіне 67,2 миллион баррель дейін жетпек. Бұл көрсеткіш бұрынғы болжамнан тәулігіне 20 мың баррельге артық.

Атап айтқанда, 2023 жылға арналған өсімнің негізгі драйверлері АҚШ (тәулігіне +1,07 млн ​​баррель), Бразилия (+200 мың баррель), Норвегия (+200 мың баррель), Канада (+170 мың баррель) және Қазақстан (+160 мың баррель) болады.

Ал Ресейде мұнай өндірісі 750 мың баррельге қысқарады (ақпан айындағы баяндамасында ОПЕК Ресей Федерациясы өндірісті тәулігіне 0,9 миллион баррельге азайтады деп күткен). Былтыр АҚШ сұйық көмірсутек өндіруді тәулігіне 1,17 млн ​​баррельге, Ресей – тәулігіне 0,23 млн баррельге, Канада тәулігіне 0,17 млн ​​баррельге өсірген болатын.

ОПЕК ақпан айындағы есебінде Қазақстан Қашаған, Теңіз және Қарашығанақтағы өсім есебінен мұнай мен газ конденсаты өндірісін тәулігіне 160 мың баррельге арттыратын хабарлады. Қазақстан қазірдің өзінде Қашаған мен Қарашығанақтағы өндірістің артуын байланысты, тәулігіне 1,6 миллион баррельге дейін жеткізді.

Сондай-ақ оқыңыз