Рейтинг агенттіктері қазақстандық банктерді қай деңгейде бағалайды?

Жарияланды
рейтинг
Ірі рейтинг агенттіктері Қазақстан банктерін қалай бағалайды? Фото: shutterstock.com

Рейтинг агенттіктері үшін банк сенімділігі мен тұрақтылығының маңызды көрсеткішінің бірі – меншікті капитал көлемі мен жеткіліктілігі. 2023 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан Республикасындағы ЕДБ-нің нормативті меншікті капиталы бір айда 2,8%-ға өсіп, 6,1 трлн теңгеге жетті. Қазақстандық банктер арасында Халық банкі ең жоғары меншікті капиталға ие: 2 триллион теңгеге жуық.

Ranking.kz сарапшыларының жазуынша, Қазақстан экономикасы кейінгі жылдары жаһандық күйзелістер мен дағдарыстардың қысымында болды. Десе де, республиканың банк секторы өз тұрақтылығын байқатқан. Қазіргі кезде елімізде 21 екінші деңгейлі банк жұмыс істейді.

Соның ішінде жеке капиталы бір айда 2%-ға өсіп, 766,5 млрд теңгені құраған Jusan Bank көш бастап тұр.

Одан кейінгі орында Kaspi Bank келеді: 600,9 млрд теңге.

Меншікті капитал мөлшері – банктің қаржы тұрақтылығын анықтау кілті. Капиталдың жеткіліктілігі өз кезегінде тұрақтылық пен сенімділікті, қаржы институтының жағымсыз факторларға төтеп беру қабілетін көрсетеді.

Банктердің тұрақтылығын Moody’s, Fitch Ratings және S&P Global Ratings сияқты халықаралық рейтинг агенттіктердің бағасы да растайды. Қазақстан Республикасының барлық дерлік ірі ЕДБ жақсы рейтингтерге ие.

Мәселен, Moody’s агенттігінің ірі Халық банкінің рейтингі «Тұрақты» болжамымен Baa2 деңгейінде бағаласа, Fitch Ratings — BBB−/«Тұрақты, S&P Global Ratings — BB+/«Тұрақты» деген баға берген.

2022 жылдың соңында Moody’s агенттігі Jusan Banк рейтингін B1 деңгейінде растап, сондай-ақ болжамды «Тұрақтыдан» «Оңға» жақсартты. Moody’s қаржы институтының бизнес үлгісін жетілдірілетініне сенеді, бұл кіріс, активтер сапасы мен төлем қабілеттінің одан әрі жақсаруына алып келеді.

Бұл ретте, меншікті капиталы бойынша үздік үштікке кірген Kaspi Bank-тің тейтингі мынандай: Moody’s — «Тұрақты» болжамымен Ba1; S&P Global Ratings – BB, болжамы тұрақты.

2022 жылы Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі активтері банк жүйесіндегі оншақты ірі банкке бірінші рет AQR жүргізді. 2022 жылғы AQR барысында 15,2 трлн теңгеге 19 млн несие, оның ішінде 14 мыңнан астам ірі қарыз алушыға талдау жасалған.

Бағалау нәтижесі жүйедегі капитал деңгейі заңмен белгіленген ең төменгі деңгейден айтарлықтай асып түсетінін көрсетті. Бұл AQR банктердің салымшылары үшін тәуекелдердің жоқтығын көрсетеді.

Сондай-ақ оқыңыз