Қазақстандағы сайлау жүйесіне маңызды демократиялық көрсеткіш – мажоритарлық жүйе қайта оралды. Соның арқасында Мәжіліс депутаттығына бір мандатты округтан үміткерлер өзін-өзі ұсына алады. Солардың қатарында кәсіпкер Әділ Жұбанов та бар. Кәсіпкер Жаңа Қазақстанда қолға алынып жатқан реформалар халықтың тұрмысын жақсартатынына сенімді.
«Сайлауалды үгіт-насихат барысында өзім туып-өскен өлкенің тұрғындарымен көп кездестім. Олардың талап-арыздарын тыңдап, мамандармен кеңесіп, шешу жолдарын ұсынып жатырмын. Менің сайлауалды бағдарламамда халықтың көптен қордаланған, өзекті мәселелерін назарға алдым. Сайлауға да осы түйкілдерді шешу үшін түсіп жатырмын», дейді Әділ Жұбанов.
Өзі өсіп-өнген, кәсібін дөңгелеткен өңір – Атырау облысының түйткілді мәселелерін кәсіпкер өте жақсы біледі.
Әділ Жұбанов 1972 жылы 25 желтоқсанда Махамбет ауданының Сарытоғай ауылында, көп балалы мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Еңбек жолын Атырау МӨЗ-інде автодәнекерлеуші болып бастап, кейіннен көлік жүргізуші болып еңбек етеді.
«Сол кезде алғаша рет баспаналы болдым – маған жатақханадан бір бөлме берді, – деп еске алады ол. – Бұндай бақытты бұрын-соңғы сезінбеген едім!»
Қазір береке ұялаған отбасында 4 бала тәрбиелеп отыр. 1990-жылдары пәтер жөндеумен айналысты. ЖШС-ін құрып, қол астына адамдар алып, өз бригадасын жинады. Қара жұмыстан қашқан жоқ, кез келген істі дөңгелетіп әкетті.
Ол 2 жоғары оқу орнын тәмамдады, алдыңғы толқын ағаларынан үйренгені көп болды. Құрылыстағы шаруасы да ілгері басты.
25 жыл ішінде ол құрған «БатысАльянсСтрой» аймақтағы белгілі компанияға айналды.
Әділ жастайынан қоғамдық істерге белсене араласып келеді, оның өмірінде қоғамға қызмет маңызды орын алады. Атырау – Қазақстанның мұнайлы астанасы саналғанымен, шешімін таппаған күрделі мәселелер өте көп.
«2003 жылы мен Атырау қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат болып тіркелдім, өйткені қала батпаққа батып, орталығын қамыс басып тұр еді. Осы мәселелер мені қатты алаңдатты», дейді Жұбанов.
2012 жылы Атырау облыстық мәслихаты депутаты болып сайланды, үш шақырылымда да депутат болды. Алайда ол соңғы шақырылым құрамында ұзақ отырмады: 2021 жылы атқарушы органдардың жұмысты ұйымдастыруы көңілінен шықпаған соң, мандатын өз қолымен тапсырды.
Жұбановтың айтуынша, жергілікті өкілді органның депутаты ретінде білім беру, денсаулық сақтау, спорт нысандарын салу, тұрғын үй, инженерлік инфрақұрылым желілерін салу сынды облыс үшін маңызды жобаларға әрқашан басымдық беріп келген. Қызылқоға, Исатай, Махамбет аудандарында қалыптасқан жағдайды реттеуге, тұрғындардың өзекті мәселесін шешуге өз үлесін қосып, мемлекеттік органдарға 200-ден астам депутаттық сауал, өңірді дамыту және халықтың әл-ауқатын жақсартуға қатысты ұсыныстар жолдаған. Облыстық мәслихат жанындағы тұрақты комиссия құрамында ұзақ мерзімді инвестициялық және әлеуметтік жобаларды қабылдау, облысқа қажетті бюджет қаражатын өз мақсатында жұмсау бойынша қажетті жұмыстар атқарған.
«Орталықтың Атырау облысына қатысты кейбір ұстанымдары әділетсіз деп ойлаймын. Бұл аймақ республикалық бюджеттің 30 пайызын, ал Ұлттық қордың 60 пайызын толтырып отырғаны белгілі. Салықты да қомақты төлейміз, оған қоса жергілікті бюджеттің 60 пайызын алып отыр. Осы ақшаны біз жергілікті қордалаған мәселелерді шешуге жұмсар едік. Өйткені осыншама байлыққа ие облыстың әлеуметтік дамуы мен халқының тұрмыс деңгейі алаңдатады», дейді Әділ Жұбанов.
Атырау облысы халықтың тұрғын үй, мектеп, балабақша, сапалы жол мен медициналық мекеме, ауыз су мен электр жарығына деген сұранысын толық қанағаттандыра алмай отыр. Мәселен, сайлау науқаны кезінде үміткер шалғай елдімекенге жол жоқ болғандықтан жете алмай қалған.
Айталық, Құрманғазы ауданының ауылдары электр қуатын көрші Ресейден алып отыр. Оның өзі тұрақты емес. Интернетке де қатысты жағдай осындай. Бұл аймақтан мұнай өндіріліп жатқанына ғасырдан асты, ал Атыраудың экологиялық жағдайы – мемлекеттік деңгейдегі мәселе.
«Әкімдер мәселенің бәрін бірден шеше алмайды, оған қаржы да тапшы. Бар қаржыны тиімді жұмсаудың өзі үлкен сұрақ. Мемлекеттік сатып алулар туралы заңнаманы жетілдірмеуден аз ақшаны игеру қиын болып тұр, – дейді Әділ Жұбанов, – бұл сайлауға түсу себебім, кейінгі 20 жылда алғаш рет мажоритарлық жүйе қайтарылып отыр. Мәжіліс депутаттарының 30 пайызы бір мандантты үміткерлерден сайланады, бұл аса көп болмаса да – бүкіл азаматтық қоғамның, қоғам белсенділерінің жеңісі. Бұл өте маңызды. Бұған дейін халық жеке тұлғаны емес, партияны таңдап келген. Ал партия деген – мемлекет ішіндегі мемлекет, оның өз ішкі тәртібі мен жүйесі бар. Партия сенің талаптарыңды жеткізе ме, жеткізбей ме белгісіз».
Өзін-өзі ұсынған адамға дауыс беру мүмкіндігі, Жұбановтың пікірінше, мемлекеттік басқару жүйесіндегі инклюзивтіліктің бастамасы. Тәуелсіздіктің 30 жылы билікті бір қолға шоғырландырмау қажет екенін байқатты. Халық мемлекет басқару ісіне араласуы керек. Халық өзі сайлаған депутаттарды білуі және олардан есеп талап етуі тиіс.
«Қазақстан түрлі реформалар алаңына айналып кетті. Егемендік алғалы қаншамасы қабылданды, алайда нақты жүзеге асып, өміршең болғаны кемде кем. Қай саланы алмасаң да, бәрінде қордаланған мәселе көп» дейді Жұбанов.
Сондықтан ол облыс атынан сайлауға түскен 13 кандидаттың қатарында депутаттық мандат үшін күресуге бел буды. Әділ Жұбанов «АМАНАТ» партиясының мүшесі болғанымен, партиялық тізім бойынша сайлауға түскісі келмеді. Үміткер өңірдің мәселесін біреу ашық айтуы керек деп есептейді. Оның үстіне ол өзі шешім қабылдап, өз сөзі үшін өзі жауапкершілік алып үйренген. Өйткені халық өзі сайлаған депутатқа сенімсіздік білдіруге, тіпті мандатын қайта шақырып алуға құқылы.
Ол сайлауалды бағдарламасында өңірдің мәселесін ғана көтеріп отырған жоқ. Кейбір заңнамалардың тым ізгілендірілуі де Жұбановты алаңдатады. Сонымен қатар, кәсіпкер заң шығарушы орган ретінде қос палата қажет емес деген пікірде, өйткені бұл артық шығын мен бюрократия деп есептейді.
Жұбанов, Мемлекет басшысының «Күшті Президент–ықпалды Парламент– есеп беретін Үкімет» тезисін қолдайды және Парламенттің өкілеттігін кеңейтіп, Мәжіліс пен Мәслихаттардың рөлін нығайта түсу керек деп есептейді. Оның пікірінше, қазіргі таңда Парламент тәртібі мен фукнциясы қайта жасақталғанына қарамастан, қоғам қалағандай нақтылық жоқ.
Жаңа ашық және әділ салық жүйесі қажет. Жұбанов қосымша құн салығы мен корпоративтік табыс салығының орнына, осы екі салықты біріктіріп айналымнан салық төлеу ұғымын енгізуді ұсынады. Оның көлемі 5 пайыз болуы тиіс.
«Бұндай ұсыныс осыған дейін де талқыланған. Елімізде халық саны аз, басқару оңай, осы ұсынысты жүзеге асыруға болады. Бұл кәсіпкерлердің өмірін де, салық жинау процесін де жеңілдетер еді,– дейді Жұбанов. – Біздегі орташа салық жүктемесі 2,13 пайызды құрайды, бұл өте аз және көп салық төленбейді деген сөз. Менің компаниям 7-9 пайызы салық төлейді. Бұл дұрыс емес, неге менің компаниям осындай көп мөлшерде, ал өзге кейбір компаниялар бірнеше есе аз төлеуі тиіс? Оған қоса салық қызметкерлері мен кәсіпорындардағы есепшілердің қатары айтарлықтай қысқарып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдері азаяды».
Бір сөзбен айтқанда, депутаттыққа үміткердің алдына қойған міндеттері аз емес. Оларды жүзеге асыруға оның білімі, атқарушы органдармен жұмыс істеу тәжірибесі де жетерлік.
Одан бөлек, ол басқаратын құрылыс компаниясы жасаған қайырымдылық игі істері облысқа белгілі.
«Мен осы қоғамның мүшесімін, біреуге қол ұшын беріп, көмектесуге жарасам, мен үшін ол зор бақыт», – дейді ол.
Атыраулық кәсіпкер өте қысқа мерзімде қазақстандықтардың өмір сүру сапасын жақсартуға болатынына сенімді. Ол үшін билікке адал адамдар келіп, дұрыс шешім шығаруы керек.
«Әйтпесе, тағы 30 жыл осылай сүйретіліп жүрсек, егемендіктің өміршеңдігі үлкен мәселеге айналуы мүмкін. Халық жақсы өмір сүруге лайық», – дейді Әділ Жұбанов.
«Президентімізге үміт артамын, оның саяси бастамалары көңілімнен шығады. Ол еліміздің саяси жүйесінде революциялық өзгерістер жасап жатыр, сондықтан мен бір мандатты мажоритарлық жүйе бойынша Мәжіліс сайлауына қатысуға шешім қабылдадым. Сенімге лайықты болсам, білімім мен жігерімді, өмірлік тәжірибемді ел мүддесіне, Атырау облысының дамуы жолында және мемлекет басшысы Қасым Жомарт Тоқаев ұсынған жаңа саяси, әлеуметтік, экономикалық реформаларды жүзеге асыруға жұмсаймын!»
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Әділ Жұбановтың сайлау қорынан төленді.