Швейцариялық Credit Swisse банкінің акциялары бірден 24% құлдырады. Ол, осы елдің Ұлттық банкінен 54 миллиар долларға дейін қарыз алмақ. Акцияларының күрт арзандауына қаржылық есептіліктегі кемшіліктер ықпал етті. Бұл жағдай АҚШ пен Еуропаның да қор нарығына әсерін тигізбей қойған жоқ. Қазақстан қор биржасы биржадағы жағдайға қатысты шолуды жариялады.
Сәрсенбі күні Dow Jones индексі 0,9%, S&P 500 – 0,7% құлдырады. Ал, Nasdaq Composite шамалы өсті. Мұндай құбылуға Credit Suisse акцияларының құлауы салдарынан әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына байланысты күдіктің көбеюі ықпал етті.
Мұнымен қоса, орталық банктер ақша-неисе сасатын қатаңдатуға қатысты біршама жұмсақ позиция ұстануы мүмкін деген ықтималдық та ұлғайды. First Republic Bank пен PacWest Bancorp акциялары 21,4% және 12,9% құлдырады, аймақтық банктердің ішінде олар антирейтингті бастады. Дегенмен, АҚШ-тың жалпы базалық инфляциясы ақпан айында күтілгеннен анағұрлым жедел баяулады.
Еуропа қор нарықтары да сәрсенбі күні біршама баяулады. STOXX 600 – 3% төмендеді. Бұл 3 қаңтардан бергі ең төмен деңгей, ал Stoxx банк индексі тіпті 7% құлады, бұл жыл ішіндегі максималды төмендеу.
Credit Suisse акциялары 31% құлады, ал бірнеше еуропалық банктің акциясы бойынша сауда тіпті тоқтап қалды. Оған Credit Suisse банктің ірі акционері Сауд Арабиясының Ұлттық банкінің мәлімдемесі себеп болды. Онда Credit Suisse 2022-2021 жж қаржылық есептерінде «ауқымды кемшіліктер» табылғандықтан, ірі акционер ондағы өз үлесін арттырмайтынын айтқан еді.
Швейцария өкіметі де банктерді тұрақтандыру мүмкіндіктерін талқылады. Ал, Швейцария Ұлттық банкі қажет болған жағдайда өтімділік ұсынуға міндеттеме алды.
DAX индексі де 3% дан аса құлдырады. Оның ішінде Commerzbank (-8,9%), Deutsche Bank (-9,4%), BNP Paribas — 10,1% және Societe Generale 12,2% жоғалтты.
Nikkei 225 индексі де 1,2% төмендеді. Жалпы, құлау жағынан алғашқы орынға қаржы секторы шықты: Mitsubishi UFJ (-5%), Sumitomo Mitsui (-5%), Japan Post Bank (-7,1%) және Mizuho Financial -5% жоғалтты.
Нарықтағы барлық секторда акциялар бағасы құлдырап жатыр. CNPC Capital (-3,2%), Sungrow Power (-4%) және China National Software -4,4% төмендеді.
Тауар нарығында Brent маркалы мұнай құны бейсенбі таңертең барреліне 74,00 доллар, WTI – 67,99 доллар болды. Валюта нарығында доллардың индексі DXY бейсенбі таңғы саудада 104,56 пункт деңгейінде саудаланды.