Үш елдің энергетика министрлері «Қамбар Ата» ГЭС-і жобасын талқылады

Жарияланды
ГЭС қашан салынады? Фото: shutterstock.com

«Қамбар Ата ГЭС-1 құрылысы» жобасы бойынша Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан энергетика министрліктерінің үшжақты кездесуі өтті, деп хабарлайды Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі.

«Кездесуге Өзбекстан Республикасының Энергетика министрі Ж.Мырзамахмудов, Қырғыз Республикасының Энергетика министрі Т.Ибраев, Қазақстанның Энергетика вице-министрі Ж. Нұрмағанбетов, Өзбекстанның Су шаруашылығы министрі Ш. Хамраев, тараптардың ведомстволық бағынысты ұйымдарының жауапты басшылары мен қызметкерлері қатысқан», делінген хабарламада.

Кездесу аясында жобаның «Жол картасын» іске асыру барысы талқыланды, сондай-ақ ынтымақтастықтың негізгі қағидаттары бойынша құжат жобасы қаралды.

Кездесу қорытындысы бойынша жобаны іске асыруға дайындаудың негізгі кезеңдері келісілді, сонымен қатар келесі кездесу наурыз айында болады.

Сондай-ақ оқыңыз