Халық банк қаржылық есебін жариялады

Жарияланды
Халық банк 553,8 млрд теңге таза пайда тапқан. Фото: kursiv.media

Халық банк былтыр 553,8 млрд теңге таза пайда тапқан. Ол 2022 жылға арналған шоғырландырылған аудиторлық қаржы есебін жариялаған алғашқы банк болды.

Есепте Халық банкті акцияларының 69,7%-на иелік ететін ALMEX компаниясы арқылы Динара мен Тимур Құлыбаевтар басқарып отырғаны жазылған.

2022 жылдың желтоқсан айының соңында қызметкерлердің нақты саны 16 325 адамды құрады, бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен (17 038) 4,2%-ға төмен.

Негізгі көрсеткіштер:

  • Активтер – 14,3 трлн
  • Міндеттемелер – 12,4 трлн
  • Капитал – 1,9 трлн
  • Таза пайда – 553,8 млрд (+19,8%)
  • Орташа меншікті капиталдың табыстылығы – 31,7%
  • Активтердің орташа кірістілігі (RoAA) – 4,1%
  • Жарнамалық шығындар – 4 743 млн.

Былтыр Халық банк Москоммерцбанк, Халық Банк Тәжікстан, Halyk Project, Halyk Aktiv-1 (соңғы екеуі Halyk Aktiv-ке қосылған) сынды активтерге иелік етуін тоқтатты. ХБТ Тәжікстанның халықаралық банкіне сатылып, соның салдарынан Халық 462 миллион теңге шығынға ұшыраған.

Ал Москоммерцбанкті сату барысында Халық 18 780 миллион теңге көлемінде шығынға батқан. Есепте банктің кімге сатылғаны айтылмайды.

Сондай-ақ оқыңыз