NASDAQ биржасы кейбір ресейлік компаниялардың акцияларын ресми тізілімнен шығаруы мүмкін

Жарияланды
NASDAQ
NASDAQ ресейлік компаниялар акцияларын ресми тізімнен шығармақ. Фото: www.shutterstock.com

Америкалық NASDAQ биржасы ресейлік компаниялар акцияларын ресми тізімінен шығармақ. Yandex, ЦИАН, Ozon, Qiwi және HeadHunter сынды компаниялар акцияларының саудасы былтыр ақпаннан бері тоқтап тұр, деп жазады РБК сайты.

«Ресейлік компаниялар акцияларының NASDAQ-дағы сауда-саттығы былтыр 28 ақпаннан тоқтатылған. Ал 24 наурыздан компаниялар шағым түсірмесе, биржа Yandex, ЦИАН, Ozon, Qiwi және HeadHunter акцияларын делистиг жасайды», деп жазады басылым.

«Яндекстің» баспасөз қызметі компанияның жақын арада апелляциялық шағым түсіретінін хабарлаған. Озон компаниясы «апелляциялық процесті зерттеп жатқанын» атап өткен.

Делистинг (тізілімнен шығару) – белгілі бір эмитенттің бағалы қағаздарын қор биржасының баға белгілеу ресми тізімінен алып тастау. Делистингтен кейін эмитент-компанияның бағалы қағаздары сол биржада сатылмайды.

Сондай-ақ оқыңыз