Болат Назарбаев АЗТМ акцияларын мемлекетке қайтарады

Жарияланды
Болат Назарбаев
Сот Алматыдағы зауыттың 31 пайыз акциясы мемлекетке қайтаруға міндеттеді. Фото: .kursiv.media

Жоғарғы Соттың азаматтық істер жөніндегі сот алқасы Болат Назарбаевты «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ акцияларының 31,9 пайызын мемлекетке қайтаруға міндеттеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Б.А.Назарбаев «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ жарғылық капиталының 31,9 % мөлшеріндегі жай атаулы акцияларын ҚР Министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» мемлекеттік мекемесіне беру арқылы мемлекет меншігіне қайтару міндеттелсін», – делінген қаулыда.

Іс материалдары арқылы Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаменті 1998 жылғы 18 ақпандағы келісімшарт бойынша «Алматы ауыр машина жасау зауыты» АҚ акцияларының жарғылық қордан 31,9% мөлшеріндегі мемлекеттік пакетін тендер жеңімпазы «Темир Кон» ЖШС-ға 105 300 000 теңгеге сатқаны белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыз