Қазақстан-Ресей шекарасын демаркациялау 3-4 жылда бітеді
Қазақстан-Ресей шекарасын демаркациялау процесі соңғы сатысында. Бұл туралы Парламент Сенаты кулуарында ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко мәлімдеді.
«Ресей Федерациясымен шекараны демаркациялау процесі – бұл жұмыс процесі, ол қалыпты режимде жүріп жатыр. Біз 3-4 жылдың ішінде бұл процесті аяқтаймыз деген ойдамын», – деді Василенко журналистерге.
Вице-министр Қазақстан мен Ресей шекарасы құрлықтағы ең ұзы шекара, сондықтан аумақтардың меншік құқығын анықтау процесі көп уақыт қажет ететінін баса айтты.
Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік шекарасында даулы учаскелер жоқ. Барлық шекаралар делимитацияланды, демаркация мәселесі республиканың шығысындағы Ресеймен арадағы шекарада қалып отыр. Ақпан айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары – ҚР Шекара қызметінің директоры Ерлан Алдажұманов осылай деген еді. Сондай-ақ, ол Шығыс Қазақстан облысындағы шекараны белгілеудегі қиындық таулы жер бедерімен байланысты.
Қазақстанның солтүстігі мен батысындағы Ресеймен ортақ шекарасы – 7591 км. Бұл әлемдегі ең ұзын құрлық шекарасы.