2048 жылға дейінгі кезеңге Алматы облысында ауданы 30 мың га «G4 City» арнайы экономикалық аймағы құрылды. Үкімет арнайы қаулы қабылдады.
Ақпаратқа сәйкес, экономикалық аймақ Алматы қаласының солтүстігінде, ұзындығы Алматы-Қонаев тас жолының бойында орналасқан. Оның аумағында арнайы құқықтық режим белгіленеді.
«Жаңа экономикалық аймақ G4 City интеграцияланған қаласын құруға отандық және шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы климат ұсынады деп күтіліп отыр. Бұл өз кезегінде бүкіл аймақтың дамуына жаңа серпін береді», делінген хабарламада.
Мәселен, 2048 жылға дейін АЭА шеңберінде: шамамен 3,7 трлн теңге көлемінде инвестиция тарту; құны 17 трлн теңгеден астам қызметтер мен тауарлар өндіру; 60 мыңға жуық жұмыс орнын құру жоспарланып отыр.
G4 City даму тұжырымдамасына сәйкес интеграцияланған қала 4 ауданнан тұрады:
- Gate City – іскерлік және қаржылық орталық;
- Golden District – білім беру және медициналық хабы;
- Growing District – инновациялық-индустриялық және сауда-логистикалық аймақ;
- Green District – туристік кластер.
G4 City-де шамамен 2,2 млн адам тұрады деп болжануда.