Ірі инвесторлардың First Republic Bank-ке депозит салуы қор нарығына жағымды әсер етті

Жарияланды
қор нарығы
АҚШ қор нарығыдағы индекстер көтерілді Фото:

Бейсенбі күні Dow Jones 1,17%, S&P 500 1,76% және Nasdaq Composite 2,48% көтерілді. Бұл ретте S&P құрамындағы 11 сектордың технология, коммуникация және қаржы саласындағы тоғызы өсті. Бұл туралы Қазақстан қор биржасы талдауында жазылған.

BoA, JPMorgan мен Citi сынды АҚШ-тың ірі несие кредиторлары банк жүйесіне деген сенім белгісі ретінде First Republic Bank-ке 30 миллиард доллар депозит салуға келіскен соң, нарықтың көңіл-күйі жақсарды. Соның әсерінен банктің акциялары -36 пайыздан 10%-ға дейін өсті.. Бұл ретте банктер ФРЖ-ның екі көмек қорынан 164,8 миллиард доллар қарыз алған.

Еуропа қор нарықтары бейсенбі күні қайта көтеріліп, Stoxx 600 индексі 1,2%-ға және Stoxx банк индексі 1,1%-ға көтерілді. Credit Suisse акциялары Швейцария Ұлттық банкінен 54 миллиард доллар несие алғаны туралы хабарлай сала, бірден 18%-ға өсті. Еуропа орталық банкі мөлшерлемені 50 п. т. көтерді. Сонымен қатар ЕОБ 2023 жылға арналған негізгі инфляция болжамын жоғарылатып, Еуропа және АҚШ банк жүйесіндегі күйзелістерге қарамастан, орталық банк өз бағытын ұстанады дейді.

Nikkei 225 жұма күні 0,7%-ға көтеріліп, 27 206-ға жетті. Tokyo Electron (1,1%), Advantest (2,1%) және Keyence (1%) қоса алғанда, технологиялық компаниялар акциясы көш бастады. Mitsubishi UFJ (0,5%), Japan Post Bank (0,5%) және Mizuho Financial (1,2%) компанияларының акциялар да өсті.

Shanghai Composite жұмада 1,6%-ға көтеріліп, 3,277-ге жетті, өйткені First Republic Bank-тың құтқарылуы АҚШ-тың тағы бір банктің банкротқа ұшырайтыны туралы қорқынышты азайтты. 360 Security Technology (3,2%), iFLYTEK (6,7%) және Zhejiang Jinke (9,1%) сияқты технологиялық қорлар айтарлықтай өсім көрсетті.

Мәскеу биржалық индексі бейсенбі күні 0,17%-ға төмендеп, 2 258,22 болды.

Тауар нарықтары

Жұма күні таңертеңгі сауда қорытындысы бойынша, Brent маркалы мұнай бағасы барреліне – $75,64, WTI – барреліне $69,26 құрады.

Валюта нарығы

DXY долларының индексі жұма күнгі таңертеңгі саудада 104,27 тармақта саудаланады.

Сондай-ақ оқыңыз