Фермерлерге 20 мың тонна пияз экспорттауға рұқсат берілмек

Жарияланды
лук
20 мың тонна пияз экспортталатын болды. Фото: shutterstock.com

Ауыл шаруашылығы министрлігі Қазақстаннан пиязды экспорттауға салынған тыйымды ішінара алып тастауды ұсынды. Ел фермерлеріне 28 сәуірге дейін 20 мың тонна пияз экспорттауға рұқсат берілмек. Министрліктің «Қазақстан Республикасының аумағынан басты пиязды әкетудің кейбір мәселелері» туралы бұйрығы Ашық НҚА сайтында ораластырылған.

«20 000 (жиырма мың) тонна  бас пиязды Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдерге және Еуразиялық экономикалық одақ елдеріне әкетуге 2023 жылғы 28 сәуірге дейін квота енгізілсін», делінген хабарламада.

Бұйрықта квота көлемі «e-Agriculture» агроөнеркәсіптік кешенінің салаларын басқарудың бірыңғай автоматтандырылған жүйесі арқылы бөлінетіні жазылған.

Сондай-ақ ақпаратттық жүйеде квота көлемінің сандық лимиті және бір өтініш берушіге 500 тоннаны құрайтын лимит бекітіледі.

Ел үкіметі 28 қаңтарда ішкі нарықтағы сұранысты жабу үшін пияз экспортына үш айға тыйым салған. Оған қоса пияз жыл басынан бері 22 пайыз қымбаттап, келісі 400 теңгеге жетті. Алайда «пиязымыз қоймада шіріп жатыр» деп мәлімдеген аграрийлер экспортқа рұқсат сұраған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз