2023 жылдың 18 наурызында, күні ертең Отбасы банк («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) салымшыларының шоттарында 10 пайыздық өтемақы түседі. Бұл туралы Отбасы банк баспасөз қызметі хабарлады.
Кеше Отбасы банкіне 115,1 млрд теңге қаражат түсті. Ал бүгін, 2023 жылдың 17 наурызында, өтемақы аудару басталды. Қаражат банкте ашылған 883 071 депозитке аударылады.
Теңгелік депозиттерді қорғау бағдарламасының ережелеріне сәйкес, өтемақы 20 млн теңгеден аспайтын салым сомасына 10% көлемінде есептелетін болады. Бұл бір банкте ашылған барлық депозиттердің жалпы сомасы.
200 000 теңге көлеміндегі өтемақыға салымшыларының 80% жуығы қол жеткізеді. Клиенттердің тағы 13,3% 200 000 теңгеден 500 000 теңгеге дейінгі сомаға сенім арта алады. 1 млн теңгеге дейінгі мемлекеттік қолдауды салымшылардың 4% иемденеді. Ал 2 млн теңге көлеміндегі ең жоғары сома 2 375 депозит иелерінің есепшотына түседі.
Өтемақы 2023 жылдың 10 ақпанына дейін өтініш беру арқылы төлемге келісімін растаған салымшыларға ғана аударылады. Егер депозиттен ақша ішінара шығарылған болса, онда өтемақы сақталған депозиттің ең аз қаржы қалдығына есептеледі. Сондай-ақ 2022 жылдың 23 ақпанынан кейін салымға толықтырылған қаражат есепке алынбайды.
Егер банк салымшысында аралық және алдын ала тұрғын үй займдарын алу мақсатында, оның ішінде үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша депозитті қамтамасыз ету ретінде берілген болса, сондай-ақ аталмыш депозит 2022 жылдың 23 ақпанына дейін сақталса, онда аталмыш салым бойынша да өтемақы қарастырылады.
Өтемақы келесі депозиттер бойынша төленбейді:
1) 2023 жылдың 23 ақпанына дейін (қоса алғанда):
– жабылған депозиттер;
– кепіл ретінде болған, кейін несие өтеліп, келісімшарты тоқтатылған депозиттер;
– тұрғын үй заемына көшкен/тұрғын үй заемы рәсімделген, оның ішінде автоматты түрде көшкен депозиттер бойынша;
2) депозит онлайн табыстау қызметі арқылы (ақылы түрде) сатылған немесе сатып алынған депозиттер бойынша.
3) депозит 23.02.2023 жылға дейін (әмбебап құқыққа ие болу тіркеуін қоса алғанда) 10.02.2023 жылға дейін өтемақы алуға өтініш бермеген салымшыға табысталған жағдайда.