Петропавлда ауыз су қызметіне тариф төмендетілді
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті «Қызылжар су» ЖШС-ның көрсетілетін қызметіне 2021 жылға арналған тарифтік сметаның орындалуы бойынша талдау жүргізді.
2021 жылғы тарифтік сметаның орындалуы бойынша талдау қорытындысы бойынша, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің базалық мөлшерлемесін ескере отырып, «Қызылжар су» ЖШС-ның негізсіз алған кіріс сомасы 334 955,75 теңгені құрады.
Осыған байланысты, ТМРКД 2023 жылғы 17 наурызда «Қызылжар су» ЖШС-ы үшін 2023 жылғы 1 мамырдан бастап қолданысқа енгізіле отырып, ағынды суларды бұру және тазарту қызметтеріне бір жылға 1 м/3 үшін ҚҚС қоспағанда 152,41 теңге мөлшерінде уақытша өтемдік тариф бекітті. Онда бекітілген тарифтен (152,44 теңге/1м3 қоспағанда) 1 м3 үшін төмендеу 0,03 теңге немесе 0,02%-ды құрады.
Оның ішінде тұтынушылар топтары бойынша бөлңндң
– I топ –жеке тұлғалар, бау-бақша серіктестіктері арқылы суды пайдаланатын жеке тұлғалар – 1 м3 үшін ҚҚС қоспағанда 70,239 теңге, онда бекітілген тарифтен (70,253 теңге/1м3 қоспағанда) 1 м3 үшін төмендеу 0,01 теңге немесе 0,02%-ды құрады;
– II топ – бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдар – 1 м3 үшін ҚҚС қоспағанда 1041,616 теңге онда бекітілген тарифтен (1041,822 теңге/1м3 қоспағанда) 1 м3 үшін төмендеу 0,21 теңге немесе 0,02%-ды құрады;
– III топ – заңды тұлғалар, өзге де тұтынушылар – 1 м3 үшін ҚҚС қоспағанда 297,357 теңге, онда бекітілген тарифтен (297,416 теңге/1м3 қоспағанда) 1 м3 үшін төмендеу 0,06 теңге немесе 0,02%-ды құрады.