Қазақстандықтардың фундаменталды құқығы ескерілуі керек — Фолькер Тюрк
БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары Фолькер Тюрк Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформаларын қолдайтынын айтты.
«Бүгін түстен кейін президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездесіп, Қазақстанда болып жатқан реформаларды конструктивті түрде талқыладық. Мен оның адам құқығы тақырыбына баса назар аударатынын жоғары бағалаймын. Болашақта Қазақстан азаматтарының фундаменталды құқығы міндетті түрде жекеменшік және билік институттары деңгейде ескерілуі керек», – деді Фолькер Тюрк Астанада өткен брифингте.
Ол елімізде болып жатқан өзгерістерді қолдайтынын атап өтті.
«Мен президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың реформалары мен Қазақстан Конституциясындағы өзгерістерді қолдаймын. Оның ішінде Конституциялық соттың пайда болуы, омбудсмен кеңсесі жұмысының күшеюі, өлім жазасының жойылуы сынды мәселелер бар…», – деді БҰҰ-ның Адам құқығы жөніндегі жоғарғы комиссары.