Сбербанк 2022 жылға арналған дивидендтердің рекордтық көлемін төлемек

Жарияланды
Фото:Shutterstock

Сбербанктің бақылау кеңесі өткен жыл үшін 565 миллиард рубль мөлшерінде дивидендтер төлеуді ұсынып отыр. Бұл туралы «Интерфакс» агенттігі банк басшысы Герман Грефтің мәлімдемесіне сілтеме жасай отырып хабарлады.

Грефтің айтуынша, Сбербанктің бақылау кеңесі 17 наурыздағы отырыста 2022 жылға дивидендтерді төлеуге рекордтық 565 миллиард рубль ұсынды. Бұл  бір акциясына 25 рубльге сәйкес келеді.

Сбербанк акционерлерінің жылдық жиналысы 21 сәуірде сырттай өтеді. Дивиденд алуға құқығы бар акционерлердің тізімі 11 мамырда тіркеледі.

Сбербанк 2022 жылы таза кірісті 4,6 есе – 270,5 миллиард рубльге дейін қысқартты. Яғни, Сбербанктің таза пайдасы 295,8 миллиард рубльді құрады.

Сондай-ақ оқыңыз