Жаңалықтар

Си Цзиньпинь Путинмен кездесу үшін Ресейге барады

ҚХР Төрағасы Си Цзиньпинь 20-22 наурыз аралығында РФ Президенті Вдадимир Путиннің шақыртуымен Мәскеуге барады. Бұл туралы Кремльдің баспасөз қызметі хабарлады.

2023 жылы 10 наурызда Ст Цзиньпинь Халық жиналысы кезінде Қытайда тұңғыш рет үшінші мерзімге сайланған төраға болды.

2022 жылдың желтоқсан айында РФ Президенті Владимир Путин оны Ресейге шақырған болатын.

РФ Президентінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, екі ел басшыларының келіссөздері барысында Ресей мен Қытай арасындағы стратегиялық байланыс пен жан-жақты серіктестік қатынастарды одан әрі дамытуға қатысты өзекті мәселелер талқыланады.

«Халықаралық аренадағы орыс-қытай ынтымақтастығын тереңдету жөнінде пікір алмасу жоспарланған. Екі жақты маңызды бірқатар құжатқа қол қойылатын болады», делінген хабарламада.