Ұлыбритания мен Жаңа Зеландияда мемлекеттік қызметкерлерге Tik Tok қолдануға тыйым салынды

Жарияланды
tiktok
Фото: Pixabay.com

Ұлыбритания мемлекеттік қызметкерлерге қауіпсіздік мақсатында жұмыс телефондары мен құрылғыларында TikTok қосымшасын пайдалануға тыйым салынды. Бұл туралы «ҚазАқпарат» BBC News-ке сілтеме жасап хабарлады.

Ұлыбритания билігі Қытай үкіметі телефондарда сақталған құпия деректерге қол жеткізе алады деп қорқады.

Tik tok пайдаланушы деректерін Қытай үкіметіне береді деген айыптауларды үзілді-кесілді жоққа шығарады.

Еуропадағы үкіметпен байланыс және қоғамдық саясат жөніндегі қосымшаның вице-президенті Тео Бертрамның пікірінше, бұл шешім «бәрінен гөрі геосаясатқа негізделген»деп мәлімдеді.

CNN хабарлағандай, Жаңа Зеландия сонымен қатар жергілікті парламент мүшелеріне осы айдың соңына дейін барлық құрылғыларда TikTok-ты қосымшасын пайдалануға тыйым салды.

Сондай-ақ оқыңыз