Нормативтік-техникалық құжаттар базасын реформалау жөніндегі техникалық комитет  ұсыныстарын дайындады

Жарияланды

«ҚазжолҒЗИ» АҚ басшылығымен нормативтерді стандарттау шеңберінде 42 «Автомобиль жолдары» Техникалық комитетінің арнайы отырысы өткізілді, онда 2023 жылғы бірінші тоқсандағы жұмыс қорытындылары талқыланды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі хабарлады.

Отырысқа Қазақстанның жол саласында үлкен тәжірибесі бар және біздің еліміздегі стандарттау проблемаларымен тікелей айналысатын жетекші мамандар қатысты. Қазір нормативтерді реформалау бойынша бес сараптамалық топ жұмыс жасауда.

Мониторинг нәтижелері бойынша техникалық комитет стандарттау жөніндегі ұлттық органға жіберілетін бірқатар ұсыныстар дайындады. Әрі қарай стандарттарды әзірлеу, қайта қарау және кейбір жағдайларда жою немесе өзгерту туралы бастамалар қаралады.

Естеріңізге сала кетейік, жол құрылысы саласында 1200 норматив бар, олардың бір-біріне қайшы келетін тұстары да бар. Нормативтік-техникалық құжаттар базасын реформалау әлемдік практика мен жаңа технологияларды ескере отырып, оларды құрылымдауға, актуализациялауға және оңтайландыруға бағытталған.

Базаны реформалау жол-құрылыс ғылымының дамуын арттыруға мүмкіндік беріп, автожол өндірісіндегі инновацияларға жол ашып қана қоймай, жол-құрылыс индустриясының отандық кәсіпорындарының сапасын жақсартады

Сондай-ақ оқыңыз