Швецияның Мальмё қаласында ерекше дәмхана ашылды
Жарияланды
Мұндағы барлық тағамдар қоқысқа тасталуы тиіс азық-түлік қалдықтарынан дайындалған. Бұл туралы Хабар 24 хабарлады.
Осылайша дәмхана иелері ысыраппен күреспек. Әдетте дүкендер азғантай ақауы бар сапалы өнімдерді қоқысқа тастайды екен. Мәселен қорабы бүлінсе немесе түрі ұсқынсыз көрінген көкөніс пен жемістерді. Арасында шірігі болса, бүкіл жәшікті сұрыптауға ерініп, түгелін қоқысқа жібереді. Сондай-ақ жарамдылық мерзімі біткен кейбір тауарды қайта өңдеп, одан дәмдеуіштер секілді жаңа өнім шығаруға болады. Қала тұрғындары да бұл бастаманы қолдап отыр. Жақын арада осындай екінші дәмхана ашылады.
Еуростат мәліметінше, тағамға жарамды азық-түліктің 10 проценті қоқысқа тасталады екен.