Жаңалықтар

9 азамат сайлау учаскесінен келеңсіз мінез-құлығы үшін шығарылды – ІІМ

Бүгін ел бойынша 9 азамат сайлау учаскесінен келеңсіз мінез-құлығы үшін шығарылған.Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев Qazaqstan телеарнасы өткізіп жатқан онлайн телемарафонда осындай мәлімет келтірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Комиссия төрағаларының актілері бойынша дер кезінде шешілген елеусіз оқиғалар орын алған. Келеңсіз мінез-құлыққа байланысты сайлау учаскелерінен 9 азамат шығарылды. Олар түрлі себептерге байланысты. Полиция қызметкерлерінің штаттық режимде қызметі жалғасуда. Ел көлеміндегі 506 жабық сайлау учаскесінің 322-сінде дауыс беру аяқталды. Жалпы елімізде саяси-қоғамдық ахуал тұрақты», – деді комитет төрағасы.

«Аталған аудандардағы сайлау учаскелерінде комиссия мүшелері дауыс берушілердің өтініші бойынша туыстары үшін дауыс беруге бюллетеньдер беріліп, дауыс берудің тең құқықтылық талабы бұзылған. Ондай бюллетень берген комиссия мүшелері бірден учаскедегі жұмыстан шеттетілді. Қазіргі таңда жергілікті прокурорлар оларды Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 110-бабы бойынша әкімшілік жауапқа тарту бағытында шаралар қабылдап жатыр. Дауыс берудің теңқұқықтылық талабын бұзып, өзге адам үшін дауыс берген кінәлілер Әкімшілік құқық бұзу туралы кодекстің 110-бабы бойынша 108-бабы бойынша әкімшілік жазаға тартылады», – деді Бас прокуратура өкілі.