Дауыс беру рәсімі басталғалы бері прокуратура органдарына ықтимал заң бұзушылықтар туралы 25 өтініш келіп түсті, оның бесеуі Бас прокуратураға жолданған. Олар тексеру жұмыстарын жүргізу үшін жергілікті прокурорларға жолданды. Бұл туралы «Сайлау-2023» онлайн-марафоны барысында ОКҚ алаңында ҚР Бас прокуратурасының Қоғамдық мүдделерді қорғау қызметі басқармасының бастығы Сарғазин Азамат мәлімдеді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі хабарлады.
«Өтініштерде орын алуы ықтимал заң бұзушылықтар, нақтырақ айтсақ, тыйым салынған кезде сайлау алдындағы үгіт жүргізу жөнінде айтылған. Сондай-ақ азаматтар бүгін келесі аумақтық прокуратураларға тікелей жүгініп отыр. Атап айтқанда, Астана қаласында – 4, Алматыда – 1, Шымкентте – 3 Шығыс Қазақстан обылсында – 5, Түркістан облысында – 4, Қарағанды, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында бір-бірден. Олардың барлығы қаралу сатысында»,- деді БП өкілі.
Прокуратура органдары сайлау про цесінің заңдылығына жоғары қадағалауды жалғастыруда.