Орталық сайлау комиссиясы үш сағатта қанша адамның дауыс бергенін хабарлады

Жарияланды
1,7 млмн адам дауыс беріп үлгерді. Фото: Асқар Ахметтуллин

Үш сағаттың ішінде 1,7 миллионнан аса азамат дауыс беруге барды. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавкат Өтемісов мәлімдеді.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың аумақтық комиссиясы ұсынған ақпаратқа сәйкес:
Абай облысы – 15,13%
Ақмола облысы – 15,61%
Ақтөбе облысы – 12,44%
Алматы облысы – 15,32%
Атырау облысы – 12,94%
Батыс Қазақстан облысы – 12,96%
Жамбыл облысы – 16,54%
Жетісу облысы – 15,93%
Қарағанды облысы – 16,31%
Қостанай облысы – 16,23%
Қызылорда облысы – 12,64%
Маңғыстау облысы – 12,36%
Павлодар облысы – 16,49%
Солтүстік Қзаақстан облысы – 15,93%
Түркістан облысы – 15,62%
Ұлытау облысы – 16,38%
Шығыс Қазақстан облысы – 16,11%
Астана қаласы – 13,58%
Алматы қаласы – 8,51%
Шымкент қаласы – 12,57%

«Жалпы сағат 10:00 жағдай бойынша республиканың 1 710 381 адам бюллетень алды», – деді Орталық сайлау комиссиясыың мүшесі Шавкат Өтемісов.

Бұл сайлаушылардың 14,21 пайызын құрайды.

Бүгін ел аумағында бүкіл 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаскеде азаматтар дауыс беріп жатыр.

СІМ бүгінгі сайлауды 800-ден аса халықаралық байқаушы бақылап отырғанын мәлімдеген еді.

Үкімет басшысы осы сайлаудан кейін Үкімет отставкаға кететінін айтты.

Сондай-ақ оқыңыз