10 мыңнан аса сайлау учаскесінде дауыс беру басталды

Жарияланды
Сайлау басталды. Фото: Асқар Ахметуллин

Бүгін – ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихат депутаттарын сайлау. ОСК дерегі бойынша, еліміздегі 12 млн 32 мың 550 азаматтың дауыс беру құқығы бар.

Елорда уақытымен сағат 8.15-тегі жағдай бойынша облыстардың, Алматы, Шымкент және Астана қалаларының комиссиялары ұсынған жедел деректерге сәйкес, ел аумағында барлық 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті. 

Шетелдегі 59 учаске дауыс беруге уақыт белдеулерінің айырмашылығын ескере отырып кіріседі.

92 учаскеде аумақтық комиссиялардың қабылдаған шешімдеріне сәйкес дауыс беру таңғы сағат 6.00-де басталды.

Учаскелік комиссиялар азаматтардың жазбаша өтініштері бойынша дауыс беру құқығын беретін барлығы 12 765 есептен шығару куәлігі берілген.

Биыл саяси додаға 7 партия өкілдері түсіп жатыр, дауыс берушілер 5 бюллетенді белгілейді.

Сонымен қатар, 2004 жылдан бері биыл алғаш рет Мәжіліске депутаттар бір мандатты округтер арқылы сайланады. 98 депутаттың 29-ы бір мандатты округтер бойынша жеңіске жеткендер болады. 

Сайлауалды үгіт-насихат науқаны барысында Бас прокуратура 23 заң бұзу фактісін тіркеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз