Сайлауды 800-ден аса шетелдік байқаушы бақылап отыр

Жарияланды
800-ден аса бақылаушы келген. Фото: Асқар Ахметуллин

ҚР Парламенті мәжілісі мен мәслихаттар сайлауын бақылауға 800-ден аса халықаралық байқаушы келген. Бұл туралы ОКҚ алаңындағы телемарафон барысында Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко айтты.

Сайлауды 12 халықаралық ұйым және 40 мемлекеттен келген 800-ден астам халықаралық байқаушы бақылайды. Сонымен қатар бүгін Қазақстанда 230-дан астам шетелдік журналист жұмыс істейді. Қазірдің өзінде көптеген пікірлер, бақылаулар бар. Бұл сайлау жаңа Қазақстанды құру жолындағы жаңа қадам», деп атап өтті спикер. 

Сыртқы істер министрі орынбасарының айтуынша, азаматтарға 62 мемлекетте 77 учаскеде дауыс беруге мүмкіндік берілген. Шетелде барлығы 12 мыңнан астам қазақстандық дауыс береді.

Бүгін ел аумағында бүкіл 10146 учаске және Қазақстан Республикасының шет мемлекеттердегі өкілдіктері жанындағы 18 учаске дауыс беруге кірісті. 

Сондай-ақ оқыңыз