Түркістан облысының тұрғындары белсенді дауыс беріп жатыр – ОСК

Жарияланды
Фото: Kursiv.media

Бес сағаттың ішінде сайлаушылардың 30,65 пайызы дауыс берді. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясыың мүшесі Сәбила Мұстафина мәлімдеді. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалар мен Астананың аумақтық комиссиясы ұсынған ақпаратқа сәйкес, сағат 12:00-ге дейін дауыс берді:
Абай облысы – 33,58
Ақмола облысы – 33,63
Ақтөбе облысы – 33,18
Алматы облысы – 34,41
Атырау облысы – 30,66
Батыс Қазақстан облысы – 33,61
Жамбыл облысы – 35,82
Жетісу облысы – 33,15
Қарағанды облысы – 34,19
Қостанай облысы – 37,39
Қызылорда облысы – 32,78
Маңғыстау облысы – 32,43
Павлодар облысы – 34,26
Солтүстік Қзаақстан облысы – 32,81
Түркістан облысы – 38,29
Ұлытау облысы – 34,61
Шығыс Қазақстан облысы – 34,16
Астана қаласы – 23,35
Алматы қаласы – 11,25
Шымкент қаласы – 19,63
«Неғұрлым белсенді сайлаушылар Түркістан, Қостанай және Жамбыл облыстарында. Сағат 12:00 жағдай бойынша республиканың 3 687 608 адам бюллетень алды», – деді Орталық сайлау комиссиясыың мүшесі Сәбила Мұстафина.
Бұл сайлаушылардың 30,65 пайызын құрайды.

Бүгінғ 19 наурыз Мәжіліс пен Мәслихат депутаттарын сайлау өтіп жатыр. Осыған дейін Орталық сайлак комиссиясы үш сағаттың ішінде 1,7 миллионнан аса азамат дауыс бергенін мәлімдеген болатын.

Сондай-ақ оқыңыз