«Фридом Финанс» АҚ микроқаржылық ұйымның облигацияларын ірі бөлшек орналастыруды жүргізді

Жарияланды

«Фридом Финанс» АҚ «ОнлайнҚазФинанс» МҚҰ» АҚ-ның АҚШ долларында номиналданған купондық облигацияларын «Қазақстан қор биржасы» АҚ-на (KASE) орналастырды. 
Аталған мәміле ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығында орналастыру есебінен қаражаттарды тартуға рұқсаттама алған сәттен бастап қазақстандық микроқаржылық ұйымдардың ішінде облигациялардың ірі бөлшек шығарылымы болды. 

Мамандандырылған сауда-саттықтардың басталған сәтінде орналастыру сомасы 12 млн АҚШ долларын құрады. Аукцион барысында барлығы 20,5 млн АҚШ долларына 580 белсенді өтінім берілді. 

Аукцион қорытындылары бойынша инвесторлардың тарапынан сұраныстың ұсыныстан 1,7 есе асып түсуіне байланысты эмитентт шығарылымды толық көлемінде орналастыру туралы шешім қабылдады. Соның нәтижесінде орналастыру сомасы 20 млн АҚШ долларын, ал қанағаттандырылған өтінімдердің жалпы көлемі 579-ды құрады.

18 млн АҚШ доллары көлемінде қанағаттандырылған өтінімдердің негізгі пулы «Фридом Финанс» АҚ-нда ашылған бөлшек инвесторлардың 574 шотынан берілді, бұл орналастыруға қатысқан инвесторлардың шоттарының жалпы санының 99% құрады.

«Осы аукционға дейін Қазақстанның бірде-бір микроқаржылық ұйымы, әсіресе, бөлшек инвесторлардың ішінде облигацияларды орналастыру есебінен мұндай қаржы тартқан емес. Бұл мәміленің табыстылығы «Фридом Финанс» АҚ-ның макроэкономикалық жағдайды ескеріп, белгілеген сәтті орналастыру кезеңімен, сондай-ақ инвесторлар үшін облигацияларды шығарудың тартымды параметрлерімен  байланысты. Бұдан бөлек, «ОнлайнҚазФинанс» АҚ отандық бағалы қағаздар нарығында өзін бұрыннан сенімді эмитент ретінде көрсетіп  үлгерді: компания облигациялар шығарып, «Қазақстан қор биржасы» АҚ-нда орналастырған алғашқы микроқаржы ұйымы болып отыр»,-деді «Фридом Финанс» АҚ-ның Басқарма төрағасы Сергей Лукьянов.

Сондай-ақ оқыңыз