Мемлекет басшысы Ақпараттық доктринаны бекіту туралы Жарлыққа қол қойды

Жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының Ақпараттық доктринасын бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақпараттық доктрина (бұдан әрі – доктрина) отандық ақпараттық саланы дамыту көзқарастарының, оның ашықтығы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыру қағидаттары мен тетіктерінің жүйесін білдіреді. Доктрина  халықтың мүддесіне сай келетін, мемлекет пен қоғамның одан әрі дамуына ықпал ететін идеялық-құндылық бағдарларды да айқындайтын болады» , делінген доктрина мәтінінде.

Доктринаны іске асырудың негізгі бағыты елдің және оның азаматтарының ақпараттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, ақпараттық сын-қатерлер мен тәуекелдерге уақтылы ден қою болып табылады.

«Осы доктринаның мақсаты елдің ақпараттық қауіпсіздігі мен идеологиялық егемендігін қамтамасыз ету, қазіргі заманғы үрдістер мен сын-қатерлерге жауап беретін, қоғамды топтастыруға  және азаматтық бірдейлікті нығайтуға бағытталған ақпараттық саясатты құру болып табылады», делінген доктринада.

Доктринаны бекіту туралы Президент Жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Сонымен қатар, Үкімет үш ай мерзімде Ақпараттық доктринаны іске асыру жөніндегі іс-қимыл жоспарын әзірлеп және бекітуі тиіс

Доктринаның толық мәтіні Ақорданың ресми сайтында жарияланған.

Бұған дейін мемлекет басшысы Мемлекет басшысы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойған болатын.

Сондай-ақ оқыңыз