Экологияға жауапты шенеунікке 96 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланды
Экологтарға 96 млн теңге айыппұл салынды Фото: www.shutterstock.com

Алматы қаласы экология және қоршаған орта басқарма басшысы орынбасарының м.у.а. М. Жексембаевқа 96 млн теңге сомасында айыппұл салынды. Алматы қаласы Медеу ауданының № 2 соты осындай үкім шығарды, деп хабарлайды Антикор.

Экология және қоршаған орта басқармасының лауазымды тұлғасы М. Жексембаев «Реннесанс плюс» ЖШС өкілі Ғ. Беркінбаевтан қатты-тұрмыстық қалдықтарды жинау және сұрыптау үшін Алматы қаласының тұрғын үй кешендерінің аумағында жер учаскелерін бергені үшін 5 млн теңге пара алған.

«Компания Стройтекс» ЖШС директоры А. Мапаевтан Алматы қаласы Экология және қоршаған орта басқармасының әкімшілік ғимаратының ЖСҚ әзірлеуге бұрын жасалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша жалпы қамқорлығы үшін 3 млн. теңге пара алды.

Пара бергені үшін Ғ. Беркінбаевқа – 73 млн, ал А. Мапаевқа 64 млн. теңге сомасында айыппұл салынған.

«Парақорлыққа делдал болғаны үшін (ҚК 368-бабы) «Eco Almaty» ЖШС менеджері Б. Рахым 32 млн теңге мөлшерінде айыппұлға сотталды. Сотталғандар үшін айыппұлдың жалпы есебі 265 млн теңгеден астам соманы құрады. Аталған адамдар мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік сектор субъектілерінде қызмет атқару құқығынан өмір бойы айырылды», делінген хабарламада.

ҚР ҚК 41-бабына сәйкес айыппұл белгіленген мерзімде төленбеген жағдайда жаза шарасы бас бостандығынан айыруға ауыстырылады.

Сондай-ақ оқыңыз