Өткен аптада Microsoft пен Alphabet акциялары 12%-дан астам өсті
First Republic Bank акциялары тағы да күшті сату қысымына ұшырап, шамамен 33% төмендеді. JPMorgan Chase және Citigroup сынды ірі банктердің құтқаруға тырысуы уақытша ғана әсер берді. Нарықта бұл банкті қолдауға қажет қаражат жетпей қалуы мүмкін деген алаңдаушылық бар. Сол уақытта Microsoft пен Alphabet акциялары 12%-дан астам өсті. Қазақстан қор биржасы биржадағы жағдайға қатысты шолуды жариялады.
Жұма күні Dow Jones өнеркәсіп индексі 1,2%-ға төмендеді. Сонфмен қатар S&P 500 индексі – 1,1%, ал Nasdaq 100 0,7%-ға азайды.
Жұма күні Еуропа қор нарықтары құлдырады, Stoxx 600 1,2%-ға төмендеді, өйткені инвесторлар АҚШ пен Еуропаның қаржы саласында дағдарыс болуы мүмкін деп алаңдап отыр. Stoxx банк индексі де 2,5%-дан астам төмендеді. Акциялары құлдырағандар көшін Credit Suisse (-8,2%) бастап тұр.
DAX индексі де 1,3% жоғалтты. Deutsche Bank акциялары 4,5%, Commerzbank 3,8%, Santander және Swedbank 4%, HSBC 3% және Barclays 2% құлдырады. Credit Suisse-тің клиенттері кетіп, банк акциялары жаппай салытып жатқан соң, Швецарияның Ұлттық банкі UBS-ге Credit Suisse-ті сатып алдыртты.
Апта ішінде банк индексі 11,5%-ға төмендеді, бұл бір жыл ішіндегі ең үлкен құлдырау болып тұр.
Nikkei 225 дүйсенбі күні 1,1%-ға төмендеп, 27 029-ға жетті. Nippon Yusen (-2,8%), Tokyo Electron (-0,8%) және Fast Retailing (-1,5%) айтарлықтай шығын тартты. Mitsubishi UFJ (1,1%) және Sumitomo Mitsui (1%) акциялары өсті.
Ал Shanghai Composite индексі 0,1%-ға өсіп, 3255-ке жетті. Қытай Халық банкі нарықтағы жеткілікті өтімділікті қамтамасыз ету үшін жылдық несие бойынша базалық мөлшерлемені 3,65% және бес жылдық несие бойынша 4,3% деңгейінде қалдырды. Технология мен энергия қорларына иелік ететеін компаниялар акциялары өсті.
Мәскеу биржалық индексі жұма күні 2,86%-ға өсіп, 2 322,78 болды.
Өткен аптада BoA, JPMorgan мен Citi сынды АҚШ-тың ірі несие кредиторлары банк жүйесіне деген сенім белгісі ретінде First Republic Bank-ке 30 миллиард доллар депозит салуға келіскен соң, нарықтың көңіл-күйі жақсарғаны жазылған еді.