Шетелде ең соңғы болып Сан-Францискодағы сайлау учаскесі жұмысын аяқтады
Жарияланды
Шет мемлекеттерде ашылған сайлау учаскелерінің ішінде ең соңғы болып жұмысын Сан-Францискодағы сайлау учаскесі аяқтаған. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.
«Сан-Францискодағы шетелдегі соңғы сайлау учаскесі өз жұмысын аяқтады. Сайлаушылардың келуі 74% құрады», делінген хабарламада.
Кеше елімізде ҚР Парламенті мәжілісі мен әр деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау өтті.
Сыртқы істер министрі орынбасары Поман Василенк шетелде жүрген азаматтарға 62 мемлекетте 77 учаскеде дауыс беруге мүмкіндік жасалғанын айтқан.
Кеше кешке Орталық сайлау комиссиясы шетелде жүрген 5 мыңнан аса азамат дауыс бергенін хабарлады.