Amazon шамамен 9 мың қызметкерді жұмыстан шығарады
Жарияланды

Американдық Amazon компаниясы 9 мыңға жуық қызметкерді жұмыстан шығарады. Бұл туралы компанияның бас директоры Энди Джесси хабарлады.
«Біз алдағы бірнеше аптада — негізінен AWS, PXT, Advertising және Twitch-те 9 мыңға жуық жұмыс орнын қысқартуға ниеттіміз. Бұл қиын шешім болды, бірақ компания үшін бұл ұзақ мерзімді перспективада ең жақсы шешім», — деді Джесси.
Reuters хабарлағандай, компания акциялары шешімді жарияланғаннан кейін бірден 1,8% – ға төмендеді.