
Ұлыбритания алдағы 3 жылда 190 мыңнан аса мигрантты депортацияламақ. Бұл туралы «Хабар 24» хабарлады.
Олардың төрттен бірі – балалар. Тиісті бастаманың көтерілуі бекер емес. Өйткені жыл сайын корольдікке Ла-Манш бұғазы арқылы 65 мың босқын заңсыз келеді. Сондықтан былтыр билік оларды Африкадағы ел – Руандаға күштеп жіберу мүмкіндігі туралы айта бастады. Бірақ сот оны заңсыз деп таныды. Сөйтіп, келесі айда бағдарламаны аппеляциялық сот қарауы керек.