Антикор Алматы облысында судья мен салық органы қызметкеріне қатысты тергеу жүргізуде
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Мамандандырылған ауданаралық экономикалық облыстық соттың судьясына және Алматы облысы Мемлекеттік кірістер департаменті бөлімшесінің қызметкеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұл туралы ведомстваның баспасөз қызметі хабарлады.
Ақпаратқа сәйкес, судья мемлекет алдында салық берешегі бар 2 кәсіпорынды банкрот деп тану туралы азаматтық істер бойынша шешім шығарғаны үшін салық органы қызметкерінің делдалдығымен пара алды деп күдіктенеді», делінген хабарламада.
Қылмыстық процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Айта кету керек, Конституцияның 77 – бабы 3-тармағының 1 тармақшасына және Қылмыстық-процесстік кодексінің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінә соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін олардың әрқайсы кінәсіз болып есептеледі.