Бизнеспен айналыстын жастардың 91%-ы жеке кәсіпкер ретінде тіркелген
Экономикалық зерттеулер институты еліміздегі кәсіпкер жастардың портретін жариялады.
2022 жылдың соңында Қазақстанда 30 жасқа дейінгі жастардың басшылығымен 400 мыңға жуық бизнес субъектісі жұмыс істеді. Сол жылы «Даму» Қоры көмегімен жас кәсіпкерлерге жалпы сомасы 61,3 млрд теңгені құрайтын 3 827 жобаға қолдау көрсетілді.
Жас кәсіпкерлер мен іскер әйелдер арасында сауда саласы ерекше танымал (41,9%). Заңды тұлғалар мәртебесіндегі кәсіпкерлер ЖК-ге қарағанда (тиісінше 2,3% және 1,9%) құрылыспен (15,9%) және кәсіби, ғылыми және техникалық қызметпен (5,9%) айналысады.
Жас кәсіпкерлер, жалпы бизнес сияқты, Алматыда (16,7%) және Астанада (11,4%) көп. Халық тығыз қоныстанған Түркістан облысында жасы 30-ға дейінгі жеке кәсіпкерлер бизнес иелерінің 10% – дан астамын құрайды.