Франция президенті жақын арада Қытайға жұмыс сапарымен барады

Жарияланды

Франция президенті Эммануэль Макрон жақын арада Қытайға барады. Онымен бірге Еурокомиссияның басшысы Урсула фон дер Лейен сапарға шығады. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Бірақ саясаткер сапардың нақты күнін хабарлаған жоқ.

20 наурызда Си Цзиньпин Ресейге үш күндік сапармен келді. Келіссөздер қорытындысы бойынша мемлекет басшылары екі бірлескен құжатқа қол қойды. Ресей президенті Владимир Путин мен Си Цзиньпин Ресей мен Қытай арасындағы қатынастар әскери-саяси одақ емес және үшінші елдерге қарсы бағытталмағанын атап өтті.

Сондай-ақ оқыңыз