ҚТЖ Қытайдан Орталық Азияға келетін транзиттік жүк ағынын Алтынкөл станциясына қайта бағыттайды

Жарияланды

Биылғы жылдың 1 сәуірінен бастап «ҚТЖ» ҰК» АҚ Достық-Мойынты учаскесінің екінші жолдарын салу кезеңінде Қытайдан Орталық Азия елдеріне қарай және кері қайтатын жүк транзиті қозғалысын уақытша Алтынкөл – Қорғас торабына қайта бағыттайды. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-ның ресми баспасөз қызметі хабарлады.

Алтынкөл – Қорғас өткелі арқылы ҚХР-дан ОА-ға жүк тасымалдау Достық – Алашанькоу торабымен салыстырғанда 500 км қысқа және 10-15% арзан.

Бүгінгі таңда Достық – Алашанькоу түйісуі бойынша тасымалдау үлесі ОА-да жалпы көлемнің 20%-нан аспайды.

Алтынкөл және Қорғас станциялары жүктерді қабылдау мен жіберу терминалдық мүмкіндіктер мен заманауи инфрақұрылымға ие.

Сондай-ақ оқыңыз