Ұлттық Банктің кадр резервіне іріктеудің қорытындысы шығарылды

Жарияланды
Фото: Ұлттық банк

Қазақстан Ұлттық Банкі ҚРҰБ кадр резервіне алынған кандидаттардың тізімін бекітті. Бұл туралы Ұлттық банк баспасөз қызметі хабарлады.

Іріктеу кезінде барлығы 417 ізденушінің түйіндемесі мен эссесі қаралды. Іріктеудің қорытындысы бойынша 74 кандидат кадрлық резервке алынды.

Үміткерлерді іріктеу кезінде олардың біліміне, жоғары біліктілік деңгейіне, жұмыс тәжірибесі мен халықаралық деңгейдегі кәсіби сертификаттарының болуына мән берілді.

Тиісті Ережеге сәйкес, резервке алынғандар жыл ішінде Ұлттық Банктегі бос орындарға жұмысқа алынуы мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыз