Павлодарлық шенеунікке 4 млн теңге айыппұл салынды

Жарияланды

Павлодар қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған соты ашық сот отырысында  ТҮКШ бөлімінің экс-басшысына  қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарады. Бұл туралы  Pavlodarnews.kz хабарлады.

Облыстық соттың  баспасөз қызметінің мәліметінше, мемлекеттік ішкі аудит департаментінің  ақпараты бойынша лауазымды тұлғаға қатысты ӘҚБтК-нің 207-бабының 11-бөлігі бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы 17 іс қозғалған. 

 2022 жылы сол кезде ТҮКШ бөлімінің бұрынғы басшысының атынан «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V заң талаптарын бұза отырып, бір көзден алу тәсілімен республикалық мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінің «Еңбек» шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорнымен  және «Еңбек-Өскемен» ШЖҚ РМК № 110 филиалымен мемлекеттік сатып алу туралы мынадай шарттар жасасқан:  

39 999 999,98 теңге сомасына қалалық скверлерді, саябақтарды ұстау және ағымдағы жөндеу;

99 614 000,00 теңге сомасына қоғамдық көлік аялдамаларын жайластыру;

114 277 132,48 теңге сомасына Химқалашығы шеңберінен орталыққа дейінгі кіру тобын ағымдағы жөндеу;

115 414 781,44 теңге сомасына Мәшһүр Жүсіп көшесіндегі Достық скверін ағымдағы жөндеу;

159 258 193,92 теңге сомасына Литвинов көшесіндегі скверді ағымдағы жөндеу;

352 292 653,00 теңге сомасына Усолка шағын ауданындағы жағалау аумақтарын абаттандыру;

252 802 690,00 теңге сомасына академик Шөкин көшесіндегі Гагарин саябағының жаяу жүргіншілер аймағын ағымдағы жөндеу;

23 401 990,00 теңге сомасына жасанды көгалды ауыстыру және т.б.

Сот отырысында ішкі мемлекеттік аудит  департаментінің өкілі 2022 жылғы 6 желтоқсанда Павлодар облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР Қаржы министрлігінің ішкі мемлекеттік аудит комитетіне  ТҮКШ бөлімі мен «Еңбек» және «Өскемен» ШЖҚ РМК арасында бір көзден алу тәсілімен мемлекеттік сатып алу туралы шартты тікелей жасасу арқылы шарттар жасасуға қатысты хат жолдағанын көрсеткен. 2022 жылғы 12 желтоқсанда осы хат орындау үшін ІМА департаментіне жіберілген. Ведомство аталған хат негізінде мемлекеттік сатып алу порталындағы шарттарды зерделеу жолымен тексеру жүргізіп, шарттардың нөмірлері бойынша сайттағы ақпаратты тексерген.  Осылайша  ТКШ бөлімі заңды бұза отырып, тікелей шарт жасасу жолымен бір көзден алу тәсілімен шарт жасасқаны анықталды. 

Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар конкурстық рәсімдердің қорытындылары бойынша және бәсекелестік орта арқылы өтуі тиіс. Тек ерекше жағдайларда, егер конкурстық рәсімдерді өткізу мүмкін болмаса, шарттар бір көзден алу тәсілімен тікелей жасалуы мүмкін. Бұл ретте есептерде жағдайдың айрықша екендігі туралы уәждеме көрсетілуі тиіс.

–  Сот отырысында мемлекеттік қызметкер әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәсін мойындамады. Сотқа шын мәнінде 2022 жылы ТКШ басшысы болғанын және басшы ретінде жоғарыда сипатталған барлық 17 шартты мемлекеттік сатып алу туралы тікелей шарт жасасу арқылы бір көзден алу тәсілімен жасағанын, қол қойғанын түсіндірді және ол бұл рұқсат етілген әдіс және жағдай ерекше болды деп санайды, – деп жазылған сот қаулысында. 

Сот ӘҚБтК-нің 207-бабы 11-бөлігінің санкциясында көзделген 17 құқық бұзушылықтың әрқайсысы үшін 100 АЕК мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолдану  туралы шешім шығарды. Бұл (100 АЕКх17 хаттама) 1 700 АЕК құрайды.

Сонымен қатар, ӘҚБтК-нің 829-11-бабының 2-бөлігі негізінде сот әкімшілік айыппұл сомасын 30 пайызға, 1 190 АЕК-ке дейін қысқартуға болады деп есептейді.

Сот шешімімен шенеунік  ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 207-бабының 11-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды және 4 105 500 (төрт миллион жүз бес мың бес жүз) теңге мөлшерінде әкімшілік айыппұл түрінде әкімшілік жаза қолданылды. 

Сот қаулысы  заңды күшіне енген жоқ. 

Сондай-ақ оқыңыз