Жаңалықтар

Қазақстан ЕАЭО елдерімен саудада ілеспе жүкқұжаттарды міндетті ресімдеуді енгізеді

2023 жылғы 1 сәуірден бастап көлеңкелі айналымды қысқарту және салықтар бойынша шығындарды болғызбау үшін ЕАЭО елдерімен өзара саудада тауарларға ілеспе жүкқұжаттарды міндетті ресімдеу енгізіледі. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады.

Айта кетейік, бұрын жоба ерікті негізде пилоттық режимде жұмыс істеген. Жүкқұжаттар шекарадан өткенге дейін электрондық түрде ресімделеді.

Осылайша, іске асырылатын жүйе тауарлардың шекара арқылы өтуін бақылау процесін автоматтандыруға мүмкіндік береді.